Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен білім сайысында топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен білім сайысында топ жарды

19.11.2022

Балалар жылында - Қазақстандық оқушылар әлемнің 1600 оқушысы қатысқан білім сайысында топ жарды. АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында 80-нен астам мемлекеттің жастары бәсекеге түскен «Зе Уорлд Скалэр Кап» халықаралық олимпиадасында небәрі төрт Қазақстандық оқушы бақ сынап, бір алтын мен екі күміс алды. Ағылшын тілінде өтетін білім бәсекесі пікірталасу мәдениетін қалыптастыруды мақсат етеді. Үш раундтан тұратын сайыста қазақтандық оқушылар топтық дебатта алтын жеңіп алды. Ал шығарма жазу мен жеке дебатта күміске қол жеткізді.

Байдәулет Қасымбеков, мұғалім:

Бұл сайыс Қазақстанның білім деңгейінің бүкіл дамыған елдермен бір деңгейде екенін айқын көрсетті.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу