Қазақстандық оқушылар дүниежүзілік сайыста топ жарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық оқушылар дүниежүзілік сайыста топ жарды

24.05.2022

Қазақстандық оқушылар халықаралық гимназиадада топ жарып, 85 медальді қанжығаға байлады.

Қоржынымызда 32 алтын, 32 күміс және 21 қола медаль бар. Осылайша әлемдік кестеде ел құрамасы, үздік үштікке енді. Оқушылар таэквондо, жүзу, жеңіл атлетика, дзюдо, еркін күрес секілді спорт түрлерінен сайысқа түсіп, әлемнің 70-ке жуық елінен келген 3 жарым мың оқушымен бақ сынасты. Ел құрамасы дүниежүзілік гимназиадаға алғаш рет қатысып отыр. Байрақты бәсеке Францияның Нормандия қаласында өтті.

Талғат Орынбасар, Шымкент қаласы Әл-Фараби академиялық мектебінің оқушысы:

Жарыс өте мықты деңгейде өтті. Жалпы жарыста бүкіл елдің балалары өте мықты дайындықта келді. Біз өзіміздің жеке бапкерлерімізбен және аға бапкерлерімізбен жарысқа тыңғылықты дайындалып, Аллаға шүкір чемпион болдық.


Хабарламаларға жазылу