Алматыда 4,7 келі есірткі тәркіленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда 4,7 келі есірткі тәркіленді

18.11.2022

Алматыда ірі көлемдегі синтетикалық есірткі тасымалының жолы кесілді. 35 жастағы тұрғынның көлігінен 5 келіге жуық ұнтақты зат табылды. Атап айтсақ, полицейлер машинаны тексеру барысында 20 байлам және екі бірдей полиэтилен бумасын тәркілеген.

Сараптама қорытындысы бойынша, оның ішінде синтетикалық «мефедрон» бары анықталды. Қазіргі таңда есірткіні тарату жолдары анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша құзырлы орган тергеу амалдарын бастады.  

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу