Ала доптың аламаны басталуға үш күн қалды. Осыған орай Қатар астанасы Доһада Әлем чемпионатының мүсіні ашылды. Оның басты символы – теңбіл доп.
«Ұлы гол» деп аталатын мүсін экологиялық таза материалдан жасалған. Айта кетсек, бұл мемлекетте футболдан дүниежүзілік турнир қарашаның 20-да басталып, желтоқсанның 18-не дейін жалғасады. Ал бірінші матч Қатар мен Эквадор командалары арасында өтеді.
Әлем чемпионатының барлық матчтарын Ұлттық арна мен «Qazsport» арналары тікелей эфирде көрсетеді.
Арыстан Рысбек