Бельгияда сайлаушылардың 60 пайызы дауыс берген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгияда сайлаушылардың 60 пайызы дауыс берген

20.03.2023

Еуропадағы қазақстандықтар парламенттік сайлауда ерекше белсенділік танытқан. Жергілікті уақытпен кешкі сағат 8-де сайлау учаскелері жабылып, комиссия мүшелері бюллетеньдерді санады. Бельгиядағы Қазақстан елшілігінде орналасқан №241 сайлау учаскесінде дауыс беруге тіркелген 200-ге жуық қазақстандықтың 60 пайызы өз таңдауын жасаған. Корольдікте оқу, жұмыс бабымен тұрып жатқан жерлестеріміз саяси науқанға белсенді қатысу арқылы елдің өркендеуіне үлес қосудан үмітті.

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу