Қазақстандық мамандар 3D принтердің көмегімен түрлі импланттарды басып шығаруға дайын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық мамандар 3D принтердің көмегімен түрлі импланттарды басып шығаруға дайын

31.03.2017

Заманауи 3D принтерлер енді еліміздегі құрылыс саласында ғана емес, медицинада да қолданыла бастайды. Қазақстандық мамандар қазіргі заманғы құрылғының арқасында мұрын, құлақ, таңдай секілді дене мүшелерінің көшірмелері мен түрлі протездерді басып шығаруға дайын. Десе де, қолда барды ұқсатуға кедергілер әлі азаймай отыр. Егер осы түйінді мәселелер шешімін тапса, жасанды имплантқа мұқтаж азаматтарға көмегін тигізбек.

Шынар АСАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу