Францияда 3D принтердің көмегімен жасалған үй көпшілікке көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда 3D принтердің көмегімен жасалған үй көпшілікке көрсетілді

12.04.2018

Францияда үш өлшемді робот принтердің көмегімен жасалған үй көпшілікке көрсетілді. Осындай технологиялық жолмен тұрғызылған  экологиялық баспанада алғаш рет адамдар тұрмақ. Баспа 5 бөлмелі үйдің сыртқы қабырғасын салу үшін арнайы полимер материалды қолданған. Бұл өз кезегінде қалдықты азайтып, шуды өткізбейді. Бұған қоса, ол ауа, температура датчиктерімен жабдықталған. Бұл үйдің иелері мұнда осы жазда көшпек. Экологиялық баспананы тұрғызған компания алдағы уақытта Францияның басқа да аудандарында көлемді құрылыс жүргізуді жоспарлап отыр.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу