Британиялық Гавин Мунро ауласында жиһаз өсіреді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Британиялық Гавин Мунро ауласында жиһаз өсіреді (ВИДЕО)

27.05.2016
Британиялық Гавин Мунро ауласында жиһаз өсіреді (ВИДЕО)

Англияда бақташы Гавин Мунро ауласында түрлі орындық, үстел, фото жақтаулары (рамка) және шырағдандарға арналған қалпақ (абажур) өсіреді.

«Негізі бұл органикалық 3D баспа сияқты дүние. Біз қажетті затты алу үшін өсімдікті қабаттап орналастырамыз. Мұнда құрылғы мен жанармайдың орнын ауа, су және күн сәулесі алмастырған. Ең алғашқы орындықты біз 4 ағаштың көмегімен өсірдік. Бірақ, кейін бір түп арқылы орындықтың төрт аяғын шығаруға болатынын түсіндік»,-дейді ол.

Бір орындықты өсіру үшін 5 жылдан 10 жылға дейін уақыт кетеді екен. Гавин Мунро бұл жобасын 2012 жылы қолға алған. Сол себепті әзірге дайын өнім аз. Оның үстіне Гавинның командасы жиһаз өсірудің басқа да тиімді жолдарын қарастыруда.

Жиһаз өсіру асқан күтімді қажет етеді. Есесіне, дайын өнімге бірде-бір шеге немесе желім керек емес.  

Гавин Мунроның жобасы әзірге сынақ кезеңінде. Өнертапқыш кейін бұл кәсібін толыққанды өндіріске айналдырмақ ниетте. Мұндай тауардың әрқайсысы бірнеше мың фунт стерлинг тұруы мүмкін.

 

Хабарламаларға жазылу