Әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны миллионға жуықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны миллионға жуықтады

02.04.2020
Әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны миллионға жуықтады

Әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны миллионға жуықтады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жетекшісі Тедрос Адханом Гебрейесус осылай деп мәлімдеді. Ол инфекцияның жылдам тарап жатқанына алаңдаушылық білдіріп, өлім-жітім саны 50 мыңнан асатынын болжады. ДДСҰ жетекшісінің айтуынша, вирустан көз жұмғандар саны өткен аптада екі есеге артқан.

«Соңғы бес аптаның ішінде коронавирус жұқтыру деректерінің экспоненциалды өсуін байқадық. Өткен аптада індеттен көз жұмғандар саны екі есе артты. Жақын күндері вирус жұқтырғандар саны 1 млн-ға жетеді. Өлім-жітім саны 50 мыңнан асуы мүмкін», - деді ол брифингте.

Әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 936 204-ке жетті. 47 249 (19,54%) адам көз жұмған. 194 578 (80,46%)науқас дертінен айыққан.

rbc.ru

Хабарламаларға жазылу