Apple компаниясы Қытайдағы зауытынан шығатын өнімдерін нарыққа кешігіп жеткізуге мәжбүр. Өйткені елдің орталығындағы Чжэнчжоу қаласында 3 жарым мыңнан астам адамнан короновирус табылғаннан кейін Iphone жасайтын кәсіпорын 2 қарашада жеті күнге карантинге жабылған. Сонымен қатар вирус жұқтыру оқиғалары зауыттың өз ішінде де анықталып, талай жұмысшы үйіне қашып, өндіріс қарқыны баяулап отыр.
Айта кетсек, Тайвань иелігіндегі бұл зауыт осыған дейін әлем елдеріне жіберілетін «айфондардың» 70 пайызын өндірген екен.
Арыстан Рысбек