Елде банкаралық комиссия мөлшері төмендейді. Ұлттық банк пен Visa, Mastercard және UnionPay төлем карталарының халықаралық жүйелері келісімшартқа қол қойды. Келісім талабына сәйкес, елде жұмыс істейтін төлем карталарының комиссиясы бірден 2 есе арзандауы керек. Шекті мөлшерлемесі төмендеген соң кезең-кезеңімен төмендету тәсілі қолданылады. Бірінші кезең 2024 жылы 1 қаңтарда, ал екінші кезең – 2025 жылы 1 қаңтарда басталады. Алғашқы кезеңде 1,50 %-ға дейін, екінші кезеңде тағы 1 %-ға дейін арзандайды. Мұндай тәсіл банк комиссиясын төлеуге кететін бизнес шығынын азайтады. Әрі көлеңкелі экономиканың азаюына ықпал етеді, дейді мамандар.
Ақерке Бектас