Елде базалық мөлшерлеме мен инфляция төмендейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде базалық мөлшерлеме мен инфляция төмендейді

29.06.2023

Елімізде базалық мөлшерлеме мен инфляция төмендейді. Бүгін Ұлттық банк макроэкономикалық көрсеткіштерге қатысты болжамды жаңартты. Оған сай биыл базалық мөлшерлеме 16, келер жылы 12 процентке дейін төмендейді. Инфляцияға қатысты болжам да оптимизмге толы. Мәліметтерге қарағанда ол биыл 12, ал келер жылы 9 пайызға дейін азаюы мүмкін. Ал еліміздің экономикалық өсімі 2023 пен 2024 жылы 4 пайыз шамасында болады деп күтіліп отыр.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу