Ақтаудағы құс фабрикасына жем тиелген вагондар жөнелтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтаудағы құс фабрикасына жем тиелген вагондар жөнелтілді

02.11.2022

Ақтаудағы құс фабрикасына жем тиелген вагондар жөнелтілді. Қазақстан Теміржолы Ұлттық компаниясының баспасөз қызметі осылай деп хабарлады. Еске салайық, аймақта құс етін өндіретін кәсіпорында 200 мыңнан астам тауық аштан қырылудың сәл-ақ алдында тұр. Себебі, осыдан 4 күн бұрын келуі тиіс жем тиелген вагондар жолда тұрып қалған. Азық алдағы екі күнде жеткізілмесе, қанаттылар түгел қырылып қалады, дейді мамандар.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу