Жамбыл облысында жүк тиелген вагондар аударылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында жүк тиелген вагондар аударылды

07.01.2015
Жамбыл облысында жүк тиелген вагондар аударылды

Қарағандыдан Өзбекстан Республикасына қарай бағыт алған жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетіп, оның бесеуі аударылып қалды.

Апат Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Маймақ станциясы маңында болған.

Поезд тіркемелері аударылған кезде теміржол бойындағы электр желісінің бағаналары қираған. 

Вагондарға құрылыс заттары, ұн және көлік дөңгелектері тиелген.

Апат салдарынан теміржол бойында 10-нан астам жолаушылар пойызы тоқтатылды.   

 

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу