Оқу-ағарту саласының үздік педагогтері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқу-ағарту саласының үздік педагогтері марапатталды

02.11.2022

Президент Жолдауында білім беру саласындағы мамандардың жетістіктері кеңінен насихатталу керектігі айтылған. Осыған орай елімізде оқу-ағарту саласының үздік педагогтеріне арналып байқау жарияланған. Жоба мұғалімдер мен оқушылар арасында өтті. Байқаудың шарты бойынша ұстаздар Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап эссе мен ғылыми жоба жазу керек. Конкурсқа мыңнан астам өтініш түсті. Ал оның тек жүзі жеңімпаз аталып, үшеуі арнайы номинация бойынша жүлделі орынға ие болды.

Қансұлу Алдабергенқызы , жеңімпаз:

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты эссе конкурсында, эссе жазып жеңімпаз болдым. Эссеміз Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жайында болды. Осы еліміздің тәуелсіздік алғалы Қазақстанның өркендеуіне байланысты және тәуелсіздіктің арқасында біздің Қазақстан қаншама биік белестерге жетті.

Гүлзада Әбілқайыр

Хабарламаларға жазылу