Жамбыл облысында жолаушылар пойызы мен автокөлік соқтығысты
Жамбыл облысында жолаушылар пойызы мен автокөлік соқтығысты. Оқиға орынында қаза тапқандар бар.
Нұрдос Болатұлы, тілші:
Қайғылы жағдай бүгін таңертең сағат 08:55-те Тараз – Шу бағытындағы темір жолда болған. Меркі ауданы Қарасу ауылындағы өткелде жеңіл көлік пен жолаушылар пойызы соқтығысып, оқиға орнында 6 адам көз жұмды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, көлік жүргізушісі өткелдегі дабылға қарамай өтіп кетпек болған деген болжам бар. Ақпаратты «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясы мен облыстық полиция департаменті растады.
Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
Нұрдос Болатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Өзбекстанда қандастарымыз өз тілінде білім алады
18.09.2025, 10:11

Білім саласын цифрландыру - басым бағыттың бірі
18.09.2025, 10:10
Мамандар мемлекеттік қызметке онлайн түрде ғана қабылданады
18.09.2025, 10:09
Жер қойнауының жаңа картасы: Алғашқы лекте 100 мың шаршы шақырым аумақ қамтылмақ
18.09.2025, 10:08
Атырауда ірі газ-химия кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр
18.09.2025, 10:06
Дін көшбасшылары: Дін - адамзатты біріктіретін құрал
18.09.2025, 10:05
Халық пікірі: Киберқылмыс тұрғындардың цифрлық қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді
18.09.2025, 10:03
Жол апаты: Қостанайда жыл басынан бері 50 адам көз жұмды
18.09.2025, 10:01