Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдау штабы өңірлерде экспромт-кездесулер өткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдау штабы өңірлерде экспромт-кездесулер өткізді

26.10.2022

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штаб мүшелері, Халықтық коалицияның белсенділері еліміздің барлық өңірінде сайлаушылармен экспромт-кездесулер өткізді. 7,5 мыңнан астам белсенді үгіт-насихат материалдарын таратып, қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Жақын арада «Есіктен есікке» акциясын өткізу жоспарланып отыр. Оның аясында Республикалық қоғамдық штаб мүшелері үй-үйді аралайды.

Нұржан Жетпісбаев, Қ.Тоқаев штабының мүшесі:

Бүгін көріп отырсыздар сауда орталықтарында біз біздің кандидатымыздың ұсынып отырған негізгі бағдарламалары, негізгі бағыттары бойынша үгіт-насихат құралдарын азаматтарға түсіндіріп, жеткізудеміз. Осы күндері 7,5 мыңнан астам еріктілер аймақтарда дәл осындай форматтағы кездесулерді ұйымдастырып, үгіт-насихат құралдарын азаматтарымызға үлестіруде.
Азамат Нұғыманов

Хабарламаларға жазылу