Еліміздегі 8 мыңнан астам сайлау учаскелерінің 35 пайызында мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалмаған. 2600-ден астам сайлау учаскелерін пандустармен қамту мәселесі толық шешілмеген. Бұл жайында Орталық сайлау комиссиясы жанындағы мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысында айтылды. Комиссия мүшелері бұл адам құқықтарын бұзу екенін ескертіп, олқылықтардың орнын толтыруды талап етті. Осы мәселені жергілікті әкімдік пен құзыры орындар бақылауға алуы тиіс, дейді комиссия мүшелері.
Сәбит Әлдебай