Жастарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастарды жұмыспен қамту мәселесі талқыланды

31.03.2021

Мәжілісте жастарды жұмыспен қамту, олардың өз потенциалын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасау сынды өзекті мәселелер талқыға түсті. Ресми орган таратқан мәліметке сүйенсек, жастардың 92-пайыздан астамы жұмысқа орналасқан. Жас буын өкілдеріне техникалық және кәсіптік білім беру де бір ізге қойылған. Соңғы екі жылда 25 мың адам осы бағыт бойынша шеберлігін шыңдапты. Осы жылы тағы 21 мың адамды кәсіптік біліммен қамту жоспарланған. Жастарды кәсіпкерлікке тарту үшін бірнеше бағдарлама іске қосылған. 

Ержан Біржанов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі:
Жастарға 200 АЕК көлемінде өтеусіз гранттар берілді. 11 мың жас пайдаланып, өз ісін ашты. Қазір жастар тәжірибесіне сай, 6 ай жұмыста тәжірибе жинақтайды. 

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу