Путин Украинада ядролық қару қолданбайтынын мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Путин Украинада ядролық қару қолданбайтынын мәлімдеді

28.10.2022

Ресей президенті Владимир Путин Украинада ядролық қару қолданады деген болжамды жоққа шығарды. Бұны ол Мәскеуде «Валдай» дискуссиялық клубы ұйымдастырған халықаралық саясат сарапшылары конференциясында мәлімдеді. «Мұндай қару қолдануға не саяси, не әскери қажеттілік жоқ», - дейді Кремль басшысы.

Осыған дейін ол ешқандай дәлел келтірместен, Украинаны радиоактивтік лас бомба жаруға әзірленіп жатыр деп бірнеше рет айыптады. Алайда, Киев Путин таққан кінәні үзілді-кесілді жоққа шығарып, Ресейдің ондай бомбаны өзі қолдануы мүмкін екенін ескертті.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу