Кандидат Қарақат Әбден Қарағандыда көпбалалы аналармен кездесті
Президенттікке кандидат Қарақат Әбден кенді өлке Қарағандыда көпбалалы аналармен кездесті. Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, жиналғандар көтерген түйткілді мәселелерге құлақ түрді. Кандидат ат басын бұрған «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығы заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік бағытта көмек көрсетеді. Мұнда әйелдерді жұмысқа орналастыру бойынша қолдау тетіктері бар. Жеке кәсіп ашу үшін бизнес-жоспар әзірлеуге және тұрғын үй бағдарламаларына қатысуға жәрдемдеседі. Кандидаттың облыстағы өңірлік штабы да кестеге сай жұмыс істеп жатыр.
Шолпан Әбілдина, Қ.Әбденнің облыс бойынша сенімді өкілі:
Жеті аудан, 6 қалада сайлау нүктелері, пункттері орналасқан. Әр аудан, қалалардан біз еріктілерді жинап алдық. Солар арқылы осы кісінің бағдарламасын әрі қарай таратамыз.
Сандуғаш Құлмақова, көпбалалы ана:
Кандидатпен біз жақсы таныстық. Пікірталас жасап, ұсыныстарымызды айттық. Өзінің бағдарламасын айтып кетті. Бағдарламасымен бөлісті.
Азамат Нұғыманов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Qazaqstan және Qazsport: Бүгін 6 боксшымыз шығады
12.09.2025, 14:33

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына серпін қажет
12.09.2025, 14:24
ШҚО-да дәрігерлер ЖИ қолдана бастады
12.09.2025, 14:21
Сот жүйесіне жасанды интеллект енгізілді
12.09.2025, 14:18
Америкалықтар 11 қыркүйек құрбандарын еске алды
12.09.2025, 14:15
Ауғанстандағы зілзаладан соң мыңдаған адам далада қалды
12.09.2025, 14:12
Бразилияның экс-президенті 27 жылға сотталды
12.09.2025, 14:09
Ресейде ХІ Халықаралық біріккен мәдениеттер форумы өтті
12.09.2025, 14:06