Мерекеге орай құзырлы орган қызметкерлеріне әскери шен табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мерекеге орай құзырлы орган қызметкерлеріне әскери шен табысталды

22.10.2022

Мемлекет басшысы бірқатар азаматқа жоғары әскери атақ пен шен берді. Генералдар қатары жаңа офицерлермен толықты.
Қасым-Жомарт Тоқаев құзырлы мекемелердің басшыларына әлемдегі ахуалдың күрделі екенін еске салып, ел қауіпсіздігін сақтау - аса маңызды міндет екенін атап өтті. Сол себепті арқаны кеңге салмай, барлық салада темірдей тәртіпті сақтау қажеттігін айтты. Президент әскерді заманауи қару-жарақпен және жаңа техникамен қамту ісіне ерекше көңіл бөліп отырғанын жеткізді. Ал, қарулы күштердің әлеуетін арттырып, ел тыныштығын күзеткен сардарлардың жағдайын жақсарту жұмысы мемлекеттің басым бағыттарының бірі болып қала бермек.

Шерхан Жамбыл

Хабарламаларға жазылу