Украина мен Ресей Херсон үшін шайқасқа дайындалып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина мен Ресей Херсон үшін шайқасқа дайындалып жатыр

21.10.2022

Ресей мен Украина әскерлері Херсон қаласы үшін үлкен шайқасқа әзірленіп жатыр. Мұны бүгін «Ассоушиэйтид пресс» агенттігі хабарлады.

Алдағы ұрысқа байланысты Мәскеу тағайындаған билік 60 мыңдай адамды Днепр өзенінің батыс жағалауына эвакуациялауға кірісті. Бүгінге дейін 15 мың тұрғын көшірілген. Украина қарулы күштерінің штабы мәлімдегендей, Мәскеу Херсонға енді ғана мобилизацияланған 2 мыңдай адамды жіберді.

Айта кетсек, Украина армиясы кейінгі апталарда оңтүстікте ресейліктерді 30 шақырымға шегіндіріп, қалаға жақындап қалды. Херсон – ақпанның 24-нен бері Ресей басып алған жалғыз ғана облыс орталығы. Және де ол Мәскеу аннексиялап, әскери жағдай жарияланған төрт аймақтың бірінде орналасқан.


Хабарламаларға жазылу