Украина әскері қарымта шабуылды қыста да жалғастыра бермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина әскері қарымта шабуылды қыста да жалғастыра бермек

05.12.2022

Украина әскері қарымта шабуылды қыста да жалғастыра бермек. Мақсат – жақында қол жеткізілген әскери жетістіктерді нықтап, майдан даласында ресейліктердің басым күшке айналуына жол бермеу. Мұны Украина үкіметінің дерегіне сүйене отырып, АҚШ-тың соғысты зерттеу институты хабарлады. Жердің қатуы украиналықтардың дөңгелекті ауыр техникамен алға жылжуына мүмкіндік береді. Ал, Ресейдің таяуда ғана мобилизация бойынша сапқа тұрған сарбаздары мен түрмеден жиналған адамдары шайқасқа әзір емес. Айта кетсек, Ресей әскерікүзде Харьков облысының көп бөлігінен және Херсоннан кетуге мәжбүр болған еді. Қазір Украина өзге аумақтарды азат ету үшін жаңа шабуылдарға дайындалып жатыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу