Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов инвесторлармен және өңірдің туристік сала өкілдерімен кездесті.
Үкімет басшысына облыстағы жаңа инвестициялық жобалар таныстырылды. Кездесу барысында инвесторлар жұмыс барысында туындаған қиындықтар туралы айтты. Әлихан Смайылов мемлекеттік органдарға мәселені мұқият қарап, заң шеңберінде көмектесуді тапсырды.
Сонымен қатар Премьер-Министрге өңірдегі туризм саласының даму қарқыны туралы баяндалды. Үкімет басшысы туристермен жұмыс істеу үшін білікті кадрлар даярлауға назар аудару керегін атап өтті. Сонымен қатар Әлихан Смайылов мектептердің мәселесін шешуді де тапсырды.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:
Оқу-ағарту министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі Түркістан облысының демографиялық өсімін ескере отырып «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы арқылы салынатын мектептердегі оқушылар санын ұлғайту бойынша қажетті шаралар қабылдасын.