Семейдегі жылу нысандарының мұржаларына сүзгілер қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейдегі жылу нысандарының мұржаларына сүзгілер қойылады

19.10.2022

Семейдегі жылу нысандарының мұржаларына сүзгілер қойылады. Әсіресе, күні кешеге дейін халық наразылығын тудырып келген орталық аудандағы «Ғаббасов» қазандығы жөнге келтірілмек.

Жылдар бойы семейліктер жылу маусымы басталысымен қою түтінмен демалуға мәжбүр. Қазандықтан шыққан қара түтін тұрғындардың денсаулығы мен экологияға орасан зиян келтіріп жатқандығы бұрыннан айтылып келеді. «Жылу комун энерго» мекемесінің мамандары жақында ондай нысандарға арнайы сүзгілер орнатылатындығын жеткізді. Өткен жылы тексерулер нәтижесінде «Жылу комун энерго» қаланы ластағаны үшін 44 миллион теңге айыппұл төлеген.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу