Киевте 3 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киевте 3 адам қаза тапты

17.10.2022

Бүгін Ресей армиясының жаңа шабуылдарынан Украинаның Львов, Хмельницкий, Винница, Ровно облыстарына снарядтар түсіп, жарылыстар болып, электр желілері үзілген. Ал, Киевте камикадзе-дрондардың соққысынан көпқабатты үй қирап, үш адам қаза тапты. Құрбандардың ішінде жүкті әйел бар. Бұл туралы қала мэрі Виталий Кличко өзінің Telegram-каналында жазды. Осыған дейін Ресей Украинаны шекара маңындағы Белгород облысындағы нысандарға соққы берді деп айыптады. Бұған қоса, ресейшіл Telegram-арналардың бірі Украинаның түнде Белгород әуежайына шабуыл жасағанын хабарлады. Киев болса, әдеттегідей көрші елдердегі жарылыстарға қатысты түсініктеме берген жоқ.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу