Президент сайлауына қатысатын үміткерлер күн сайын сиреп барады. Әу баста ұсынылған он екі адамның сегізі қалды. Әзірге олардың екеуі ғана ресми тіркелді. Олар халықтық коалиция атынан ұсынылған қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» бірлестігі атынан шыққан Мейрам Қажыкен.
6 кандидат қолдаушылардың қолын жинауға кіріссе, Орталық сайлау комиссиясы 3 үміткерді тіркемей қойды. Ал, «Мұқалмас» қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған Нұржан Әлтаевтің құжаттарының заңға сәйкестігін белгілеу рәсімі уақытша тоқтатылды. Амангелді Сейтханның материалы.
Кандидаттарды тіркеу басталғалы бес күн өтті. Бүгінге дейін 2 үміткер тіркелсе, 3-і жолдан шығып қалды. «Асар» оралмандар қоғамдық бірлестігі ұсынған Хайролла Ғабжалилов Қазақстанда тумаған болса, Талғат Ерғалиевті ұсынған «Қазақстан құрылысшылар одағы» республикалық ұйым емес, заңды тұғалар бірлестігі екені анықталды. Ал, «Практикалық психология» қоғамдық бірлестігі ұсынған Фатима Бизақова мемлекеттік қызметте істемеген. Қайролла Ғабжалилов пен Талғат Ерғалиевтің де мемлекеттік қызметте 5 жылдық тәжірибесі жоқ екен.
Осы мемлекеттік қызметке қатысты талап биыл қызу талқыланып жатыр. Саясаттанушылардың да бірі оны қолдаса, бірі өзгерту керек,-дейді.
Индира Рыстина, саясаттанушы:
Бұл талаптың маңыздылығы қандайда бір өзгерістерді енгізу үшін ол мемлекеттік үлкен жүйеде қалай жүзеге асыра алатынын бюджет қалай жинақталатынын, ол қалай бөлінетінін түсіну маңызды. Әрине, менеджерлік қасиеттер деген әр адамда болуы мүмкін. Бірақ, мемлекеттік аппаратты түсіну ол өте маңызды.
Ал, кейбір азаматтардың осы немесе өзге де талапқа сай келмейтінін өзі біле тұра құжат тапсыруында қандай сыр болуы мүмкін?
Мақсат Жақау, саясаттанушы:
Бұл жерде бірнеше мәселе бар. Біріншіден, өзіне саяси ұпай жинайтын, пиар жинауы мүмкін. Себебі, одан кейін де парламенттік сайлау тұр. Ол егер партиялық тізіммен бармаса, өзі мажоритарлық жүйе баруы мүмкін. Мүмкін сондай саяси қадаммен, жоспармен жасалып отқан дүние болуы мүмкін.
Мәселен, «Қазақ аналары - дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан ұсынылған Салтанат Тұрсынбекова өзінің осы сайлаудағы мақсаты туралы былай деген еді.
Салтанат Тұрсынбекова, ҚР Президенттігіне ұсынылған үміткер:
-Мен президент атану үшін бара жатқан жоқпын.
-Неге?
-Мәселелелерді шешуге, елдегі болып жатқан істерге өз үлесімді қосуға.Ссайлауға түскен кандидаттың бәрі тек президент атануға түспейтін шығар деп ойлаймын.
Біз көпшіліктен биылғы кандидаттарды қаншалықты білетінін сұрап көрген едік.
Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауына үміткер Нұржан Әлтаевты кандидат ретінде тіркеуді тоқтату жөнінде шешім қабылдады. Себебі:
Шавхат Өтемісов, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
Орталық сайлау комиссиясына «Мұқалмас» республикалық қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысының номері 19-шы хаттамасының қолданылуын тоқтата тұру туралы ұйғарымын дереу орындау талабы келіп түсті.
Яғни, «Мұқалмас» ұйымының аймақтағы белсенділері Әлтаевтың кандидатурасын қолдамаған. Бірақ, соған қарамастан санаулы адамның қолымен хаттама жасалған. Қазір істің ақ-қарасы сотта қаралып жатыр.
Ермек Әбдірасұлов, «Адал сайлау үшін» штабының мүшесі:
Хаттама дұрыс жасалмаған. Соттың шешімін күтеді. Соттың ұйғарымымен сот үкімі дейді, ешқандай күмән тудырмай, бәрі дұрыс десе тіркеу процесі ары қарай жалғасады.
Сот шешімі қашан шығатыны белгісіз. Ал, «Мұқалмас» ұйымының өзі сайлаулар мен референдум сияқты саяси науқандардың заңға сай өтуін бақылайтын тәуелсіз байқаушылар қоғамдық бірлестігі.
Ал, қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан басқа биылғы үміткерлердің бәрі президент сайлауына бірінші рет түскелі тұр. Бұл халықтың сайлауға белсенді қатысуына қаншалықты әсер етуі мүмкін?
Дәурен Пірімбетов, саясаттанушы:
Бізде политтехнологтар өте аз. Сайлаушылармен жұмыс істейтін. Сайлаушыларға жақсы мотивация беретін. Сондықтанда мен ойлаймын осы үміткерлеріміздің адамдарға қаншалықты сендіре алуына байланысты. Егер ондай болмайтын болса, белсенділік те аз болады.
Саясаттанушының сөзінше, кандидаттардың белсенділігі 21-ші қазаннан кейін үгіт-насихат кезеңінде байқалады. Ал, осы сайлауда қоғамдық сауалнама жүргізетін 2 ұйым Орталық сайлау комиссиясына құжат тапсырыпты. Олар «Қоғамдық пікір» зерттеу институты мен «Қоғамдық саясат институты». Ал, біз көпшіліктен сайлауға барасыздар ма деп сұрап көргенбіз.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше елде дауыс беруге құқылы 12 млндай адам бар. Олардың дауыс беру тәртібі енді хабарланады. Ал, Астаналықтар қазірдің өзінде өздерінің сайлау учаскесі туралы мәліметтерді sailau.astana.kz порталы немесе sailau_astana_bot телеграмм чаты арқылы онлайн біле алады. Саясаттанушы Мақсат Жақау халықтың белсенділігін арттыру үшін алдағы уақытта онлайн дауыс беру тәсілін де енгізу керек деген пікірде.
Мақсат Жақау, саясаттанушы:
Еgov парақшасы арқылы көп мәселені шешіп жатырмыз ғой. Дәл осы саяси мәселені де еgov арқылы болсын, қосымшалар арқылы дауы беруді енгізу керек. Бұл әлемдік практика. Мысалы, Ақшта кезінде Дональд Трамп сайлауға түскенде цифрлы дауыс беру болды. Көп жағдайда ол ауруханаға түсіп қалуы мүмкін, ауылға кетіп қалуы мүмкін, түрлі жағдай болуы мүмкін.
Кандидаттарды тіркеу 21-ші қазан кешкі 6-ға дейін жалғасады. Әзірге қанша адамның тіркеуден өтетіні нақты белгісіз. Ал, осыған дейінгі сайлауларды еске алсақ, 2019 жылы 7 кандидат, 2015 жылы 3 кандидат, 2011 жылы 4 кандидат болған екен.
Амангелді Сейтхан