ОСК Қазақстан халық партиясының партиялық тізімін тіркеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ОСК Қазақстан халық партиясының партиялық тізімін тіркеді

11.02.2023

Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі сайлауына қатысатын алғашқы саяси ұйымның кандидаттарын тіркеді. Ол - Қазақстан халық партиясы. Олар саяси науқанға партиялық тізім бойынша 52 адамды ұсынған. Оның он жетісі әйелдер, жастар және мүмкіндігі шектеулі азаматтар. Бұл жалпы үміткерлер санының 32,7 пайызы.

Комиссия құжат тапсырғандардың барлығы Конституция мен «Сайлау туралы» заңның талаптарына сәйкес келеді деп таныды. Қазақстан халық партиясы алдыңғы сайлауда 9,1 пайыз жинаған. Осыған байланысты саяси ұйым сайлау жарнасын төлеуден босатылды.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу