Apta қонағы саясаттанушы Шыңғыс Ергөбектің сұхбаты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Apta қонағы саясаттанушы Шыңғыс Ергөбектің сұхбаты

16.10.2022

«Кеңестік кезең» демекші, «Орталық Азия - Ресей» саммитінде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Совет одағының келмеске кеткенін еске салып, Путинге қарата сөз сөйледі. «Иә, біз – аз халықпыз, біз 100-200 млн емеспіз. Бірақ біздің тарихымыз бар, мәдениетіміз бар, біз де адамбыз, біз өзімізді құрметтегенін қалаймыз. Біз кедей емеспіз. Біздің еліміз бай. Владимир Владимирович, сізге өтінішіміз бар – Орталық Азия елдеріне қатысты бұрынғы Совет одағы сияқты саясат болмағанын қалаймыз. Таразы басын тең ұстап, әр республикамен бөлек жұмыс істеу керек», – деді Эмомали Рахмон.

Ал форумды өткізуші тарап ретінде модератор болған Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президентіне «ерекше баяндамасы» үшін рақмет айтып, сөзін былай түйіндеді: «Неге екені белгісіз, әр жиналған сайын біз Кеңес Одағын еске аламыз».

Кеңес Одағы ыдыраған соң құрылған ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысы да осы апта өтті. Бұл - пандемиядан кейінгі алғашқы толыққанды саммит. Шағын құрамдағы кездесуде тоғыз елдің басшысы отырды. Наурызда ғана сайланған Түрікменстан президенті Кеңес мүшесі ретінде жиынға алғаш рет қатысты. Астанада өткен отырыста ТМД атқарушы хатшысы лауазымын Бас хатшы ғып өзгерту туралы ұсыныс айтылды. Атап өтейік, Қазақстанның ТМД елдерімен тауар айналымы былтыр 32 млрд 800 млн доллар болған екен. Үш жыл бұрынғы деңгеймен салыстырғанда 30 пайызға өсті. Ал биыл мамырға дейін тараптар алыс-берісті 8 млрд долларға жеткізді.

Қазақстанда қатарынан өткен үлкен жиындар не береді? Азия Кеңесінің трансформациясы қандай өзгерістер әкеледі? Осы сұрақтарды апта қонағымен талқыласақ. Саясаттанушы Шыңғыс Ергөбек бізбен тікелей байланыста.

Шыңғыс Ергөбек, саясаттанушы:

- Шыңғыс Құлбекұлы, осы апта қатарынан 3 бірдей ел президенті мемлекеттік сапар жасап, 3 үлкен жиын өтті. Қазақстанның бұрыннан ұстанған көпжақты саясаты дәл осы қазір геосаяси ахуал ушыққанда дұрыс екенін көрсеткендей. Сіз қалай ойлайсыз?

- Ердоғанның Қазақстанға сапарына әлем көз тікті. Өйткені Түркияның Украина мәселесі дипломатиялық жолмен шешілуін қалайтыны белгілі. Қазақстанның да ұстанымы осындай. Қос мемлекет мұны гуманитарлық миссия ретінде қабылдап отыр ма? Әлде экономикалық, саяси мүдде басым ба?

- Азиядағы өзара іс-қимыл мен сенім шаралары жөніндегі Кеңестің трансформациясы жайлы не айта аласыз? Кейбір сарапшылар БҰҰ-ның азиялық прототипі, не азиялық ОБСЕ болады деп жатыр. Қаншалықты мүмкін?

Альбина Әшім

Хабарламаларға жазылу