Павлодарда «Жомарт Жүрек» сыйлығының иегерлері анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «Жомарт Жүрек» сыйлығының иегерлері анықталды

15.10.2022

Павлодарда жыл сайынғы «Жомарт Жүрек» сыйлығының иегерлері анықталды. Айтулы шараға алпыстан аса үміткер қатысқан. Олар бір жыл бойы жоққа сүйеу, жарлыға демеу бола білген мейірімді жандар. Жеңімпаздар 13 номинация бойынша марапатталды. Олардың бесеуі Республикалық конкурста облыс намысын қорғайды. Рахат Тұрлыбай «Мектепке жол» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Ауыл кәсіпкері қомақты қаржы бөліп, Григорьевка ауылдық округінде балабақша салды. Биыл оқушыларға киім-кешек алып беріп, мектепте балаларға ыстық тағамның берілуіне қол ұшын созды.

Рахат Тұрлыбай, «Жаңақала» шаруа қожалығының құрылтайшысы:

Бізді бала кезімізден қайырымды болуға тәрбиеледі. Әсіресе әжемнің үлгісі мол болды. Ауылға көмектес, мұқтаж адамдарды қолда деп үнемі айтып отырады. Мақтаныш немесе біреуге жақсы көріну үшін емес, көмекті қажет ететің жанды қиын сәтте демеп жібергім келіп тұрады. Бүгінгі марапат соның қарымтасы деп түсінемін.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу