Елордада Республика күніне орай мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Showdown» үстел теннисінен І қалалық ашық чемпионат өтті. Қалалық турнирде арнайы жаттығудан өткен 20-ға жуық қатысушы ойын көрсетті. Шараның мақсаты - әлемдік деңгейдегі жарыстарға қатысу үшін отандық құрама команда жасақтау. Ал, мамандардың айтуынша, Канада, Германия, Болгария сияқты шет мемлекеттерде жақсы дамыған бұл спорт түрі көз жанарынан айырылған зағип жандардың денсаулығына пайдалы. Яғни, есту қабілетімен, қол мен аяқ қозғалысы қызметінің жұмысын арттырады. Елімізде бірінші рет өткізіліп жатқан жарыс алдағы уақытта еліміздің басқа өңірлерінде өтеді деп жоспарланып отыр.
Жүзбай Серікұлы, «Көзімнің қарасы» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
Бұрыннан ізденісте жүріп, шет мемлекеттерден осыны қарап, зерттеп Қазақстанға қалай әкелсем екен деген ой болды. Бұл чемпионат осы Астана қаласында өткізілгеннен кейін, алдағы уақытта 13-ші Дүниежүзілік зағип жандар күніне орай республикалық турнир өткіземіз.
Ақмаржан Гафизқызы