Мейрам Қажыкен президенттікке кандидат ретінде тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мейрам Қажыкен президенттікке кандидат ретінде тіркелді

15.10.2022

Орталық сайлау комиссиясы бүгін презденттікке үміткер екінші кандидатты тіркеді. Ол «Аманат» Қазақстанның кәсіподақтар ынтымақтастығы атынан ұсынылған Мейрам Қажыкен. Оған комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттық куәлігін табыстады.

Кандидат «Сайлау туралы» Конституциялық заңға сәйкес, сайлаушылардың 122 мыңнан астам қолын жинаған. Оны комиссия арнайы тексерістен өткізген. Нәтижесінде 2 мыңнан астам қол жарамсыз деп танылды. Сондай-ақ, комиссия аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі Қажыкенге «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін мәліметтерді жолдады. Мейрам Қажыкен мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Мемлекеттік лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі – 14 жыл.

Мейрам Қажыкен, президенттікке кандидат:

Заң бойынша бап бар 3/2 өңірелерден жинауға болады екен. Қазақстанда 20 өңір болса, соның 14 өңірінен жинадық. Мен өз басым 230-дай қол жинадым. Өңірлерде штаб мүшелері бар, бастамашыл топтың мүшелері бар, қолдайтын кәсіподақ мүшелері бар солар да жинады.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу