Саммит аясында Мемлекет басшысы Пәкістанның Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымды одан әрі дамытуға бағытталған еліміздің бастамаларын қолдағаны үшін Пәкістанның Үкімет басшысына ризашылығын білдірді. Кездесуде көлік, транзиттік логистика және энергетика саласында ынтымақтастық орнатудың келешегі сөз болды. Екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасын жақын арада қалпына келтіруге, сондай-ақ үкіметаралық комиссия жұмысын жандандырудың маңыздылығы айтылды.
Шерхан Жамбылұлы