Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының Президентімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының Президентімен кездесті

19.09.2021

Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде екіжақты кездесулер өткізді. Алдымен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен жүздесті. Бұған дейін мамырда Президент Душанбеге ресми сапармен барған болатын.

Былтыр Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда айналымы пандемияға қарамастан 900 млн доллар болған. Енді азық-түлік саудасын арттыру арқылы соны 1 миллиардқа жеткізу көзделіп отыр.

Президент Пәкістан Ислам Республикасының премьер-министрі Имран Ханмен де кездесті. Жүздесу барысында тараптар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы байланыстарды дамытудың перспективаларына тоқталды. Сауда-экономикалық, көлік-транзиттік, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық салаларда. Былтыр тауар айналым 27 миллион доллардан асқан.

Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының Президентімен те кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисиді жақында өткен Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады. Тараптар биыл сауда-экономика бағытында оң үрдістер байқалғанын атап өтіп, көлік-логистика, ауыл шаруашылығы салалары, инвестиция бойынша ынтымақтастықты арттыруға дайын екенін айтты.


Хабарламаларға жазылу