БҰҰ Бас ассамблеясы Ресейді айыптады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ Бас ассамблеясы Ресейді айыптады

13.10.2022

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Ресейдің Украинадағы 4 облысты «заңсыз аннексиялау әрекетін» айыптайтын резолюция қабылдады. Бұл қарарды 143 ел қолдаса, 35-і дауыс беру процедурасына қатыспай, бесеуі құжатқа қарсылық білдірген.

Ресейдің осы ұйымдағы елшісі Василий Небензия қабылданған резолюцияның саяси астары барын атап өтіп, оның Украинадағы қарулы қақтығысты дипломатиялық тәсілдермен тоқтатудың жолын жабатынын мәлімдеді. Мәскеу Украинаның Донецк, Луганск, Запорожье, Херсон облысын Ресейге қосу туралы референдумды қыркүйектің соңында өткізді. Киев бұл шараны заңсыз деп атап, жауланған территорияларды бәрібір қайтаратынын ескертіп келеді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу