БҰҰ Бас Ассамблеясы қарар қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ Бас Ассамблеясы қарар қабылдады

24.02.2023

БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында Ресейді Украинадан әскер шығаруға үндейтін қарар қабылданды. Құжатты 141 ел қолдаған, ал 7 мемлекет қарсы шықты. Өзге 32 қатысушы ел қалыс қалды.

Украина аумағында қарулы қақтығыстардың басталғанына бүгін тура 1 жыл толды. Еске салайық, 2022 жылдың 24 ақпанында Ресей армиясы көрші елге басып кірді. Мәскеу мұны «арнайы әскери операция» деп атады. БҰҰ-ның мәліметіне сай, әскери қақтығыстан 7 мыңдай бейбіт тұрғын қаза тауып, мыңдаған адам жараланды. 8 миллионнан аса украиналық елін тастап кеткен.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу