Еліміздегі қоғамдық кеңестердің құрамына 4000-ға жуық адам тартылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі қоғамдық кеңестердің құрамына 4000-ға жуық адам тартылған

11.10.2022

Еліміздегі қоғамдық кеңестердің құрамына 4000-ға жуық адам тартылған. Олардың 86 % азаматтық қоғам өкілдері. Бұл туралы бүгін брифингте азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет айтты. Қазір ел бойынша 256 қоғамдық кеңес бар. Олар мемлекеттік мекемелер мен әкімдіктерге жергілікті деңгейдегі қоғамдық көлік, сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы түйткілдердің жүзеге асырылуына ықпал етеді. Кеңес беруші органдардың қатысуымен өңірлерде бірқатар мәселе оң шешімін тапты.

Мадияр Қожахмет, ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы:

Мысалы, Қарағанды облысы Теміртау қаласында осы 1965 жылы салынған үйдің апаттық жағдайда болуы туралы статусін бекіту мәселесі көп жылдан бері қаралып, оны қоғамдық кеңестің мүшесі өзінің мониторингіне алып, осы үйдің шын екені апаттық жағдайда болуына қажетті құжаттар бар екенін дәлелдеуге тырысып,  қазіргі таңда осы мәселе қолға алынып, әкімшілікпен шешіліп жатыр. 

Ламбриан Топузидис

Хабарламаларға жазылу