Президент Ұлттық құрылтайды құру жөнінде Жарлыққа қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Ұлттық құрылтайды құру жөнінде Жарлыққа қол қойды

15.06.2022

Бүгін Мемлекет басшысы Президент жанындағы Ұлттық құрылтайды құру жөнінде Жарлыққа қол қойып, ережесі мен құрамын бекітті. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Facebook парақшасында ертең Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы Ұлытауда өтетінін хабарлады.

Ұлттық құрылтайға барлығы 117 адам мүше болды. Олардың арасында композитор, жазушы, Қазақстанның еңбек ері Илья Жақанов, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов, Кеңес Одағының батыры Тоқтар Әубәкіров сияқты зиялы қауым өкілдері мен ғалымдар, журналистер, дінтанушылар, тіл мамандары, экологтар бар. Құрылтайдың басты ерекшелігі - құрамына әр өңірдегі қоғамдық кеңестердің бір мүшесі енді. Ал Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі өз жұмысын аяқтады. Оның құрамының негізгі бөлігі құрылтайға кірді.


Хабарламаларға жазылу