«Мәңгілік ел - мұратым» атты ақындар айтысы мәресіне жетті. Жыл сайын өткізілетін дода биыл «Нұр Отан» партиясының 15 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Сондықтан бұл жолғы бәйгенің маңызы да зор. Додада 22 ақын айтысып, 10 ақын ақтық мәреге шықты.
Ақтық аламан. Ақындар дайындығы қызу. Қара домбырасын қолына алған кіл мықтылардың қайсы болмасын бүгінгі сайыста оза шабуға үмітті. Себебі бұл - жылдың бас бәйгесі. Бүгін ақындар «Нұр Отанның» 15 жылдығы, Тәуелсіздік күні мен Қазақ хандығының 550 жылдығын жырлады.
«Алтын домбыра» мен ақшалай сыйлық Балғынбек Имашевтың қанжығасына байланды. Бірінші орын Жандарбек Бұлғақовқа бұйырды. Екінші орынды Еркебұлан Қайназаров иеленсе, үшінші орында Бекарасыс Шойбеков пен Айнұр Тұрсынбаевалар алды.
Әлия ӘШІМ