«Алтыннан ардақты, аяулы Алматым!» атты республикалық айтыста Аспанбек Шұғатаев бас жүлде иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алтыннан ардақты, аяулы Алматым!» атты республикалық айтыста Аспанбек Шұғатаев бас жүлде иеленді

22.09.2015
«Алтыннан ардақты, аяулы Алматым!» атты республикалық айтыста Аспанбек Шұғатаев бас жүлде иеленді

Алматыда Қазақ хандығының 550 жылдығы мен қала күніне арналған «Алтыннан ардақты, аяулы Алматым!» атты республикалық ақындар айтысы мәреге жетті. 

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен өткен айтулы додада еліміздің түкпір-түкпірінен барған кіл азулылар бақ сынады. 

Екі күнге созылған айтыс қорытындысында павлодарлық Аспанбек Шұғатаев бас жүлдені (жеңіл автокөлік) жеңіп алды. Бірінші, екінші жүлде астаналықтар Еркебұлан Қайназаров пен Мейірбек Сұлтанханның еншісіне бұйырды.

Арқалық қаласынан келген Айбек Қалиев, батысқазақстандық Жансая Мусина және қарағандылық Мақсат Ақанов үшінші орынды иеленді.

Хабарламаларға жазылу