Бұдай былай қарапайым жұмысшылардың еңбекақысы әр жыл сайын инфляцияға сай индексациялануы мүмкін. Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталинның айтуынша, ұйымға мүше 2 млн еңбеккерге қатысты бұл ұсыныс үкіметке жолданды. Бүгін «Бірлік. Әділеттілік. Даму» деп аталған ынтымақтастық форумында жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі мен жалақы мәселесіне қатысты бірқатар ұсыныс айтылды. Бұған дейінгі заң жобасында индексациялау деген норма болмаған. Тек ұжымдық шарттарда өзара келісім жасау арқылы жүзеге асып келген. Ел бойынша 154 мыңдай ұжымдық шарт жасалса, соның тек 10 пайызында ғана индексациялау мәселесі шешілген. Сондықтан кәсіподақ мүшелері Еңбек кодексінің 107-ші бабына өзгеріс енгізу қажет деп отыр.
Сатыбалды Дәулеталин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:
Біріншіден құқықтық деңгейін бекіту. Екіншіден, индексациядан бекіту дегенде бәріне бірдей бекіту керек деп жатқан жоқпыз. Мысалға, табысы жоғары миллионнан асқан адамдарға бұл керек емес. Оны қарапайым кәдімгі ең төменгі жалақы алатын қызметкерлерге беру керек.
Раушан Сайлауқызы