Президент сайлауы: Тоқаевтың құжаттары Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент сайлауы: Тоқаевтың құжаттары Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды

07.10.2022

Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың құжаттары Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды. Партия қоғамдық бірлестіктердің үміткер ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірмесі берілген. Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидат болуға келісімі туралы, өмірбаяндық дерегі қоса берілген өтініш тапсырылған. Сонымен бірге Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасының енгізілгенін куәландыратын құжат та өткізілген.  

Хабарламаларға жазылу