Заң талаптары қатаң сақталуы тиіс - Нұрлан Әбдіров - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заң талаптары қатаң сақталуы тиіс - Нұрлан Әбдіров

10.03.2023

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау кезінде заң талаптары қатаң сақталуы тиіс. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қызылорда облысына барғанда айтты. Ол жергілікті сайлау комиссиясы мүшелері және қоғам белсенділерімен кездесіп, саяси науқанға дайындық барысымен танысты. Көшпелі семинар-кеңесте биылғы сайлаудың ерекшеліктері түсіндірілді. Сайлау кезінде заңбұзушылықтарға жол берілмеуі керек. Орталық сайлау комиссиясына байқаушы ретінде аккредиттеуден өту бойынша түрлі ұйымдардан өтініш түсіп жатыр.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

Бұл сайлаудың ерекшелігі - ұлттық байқаушыларды аккредиттеу болып отыр. Орталық сайлау комиссиясына 15 республикалық деңгейдегі үкіметтік емес ұйымдар өз өтініштерін ұсынды. Олардың 9-ы тіркелді. Басқаларын әлі қарап жатырмыз.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу