Халықтық коалиция: Кемел келешекке бастаған берік қадам - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтық коалиция: Кемел келешекке бастаған берік қадам

07.10.2022

Халықтық коалицияның таңдауы - кемел келешекке бастаған берік қадам. Алдағы Президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып отырған саяси-қоғамдық ұйымдардың өкілдері осындай пікірде. Қазіргі күрделі геосаяси жағдайда дұрыс таңдау жасау – халық үшін де, ел үшін де маңызды. Ал бұл таңдау қазіргі Мемлекет басшысы мен жүзеге асырылатын реформалармен тікелей байланысты.

Гүлнәр Бижанова, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:

Мемлекет басшысы қашанда халықпен бірге. Арыстағы жарылыс, пандемия, Қостанайдағы өрт кезіндегі шұғыл шешімдер бұған дәлел. Қаңтар оқиғасы кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың нағыз көшбасшылық қабілетін көрдік. Елі үшін батыл қадамдар жасады. Бұл – шындық. Барлық реформалар мен бағдарламаларында бірінші кезекті қоғам мен халықтың мүддесі тұрады. Халықтың Президентке деген сенімі күшті. Сондықтан, қоғам болып бірігіп, оны қолдауымыз қажет.

Жадыра Таңатарова, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты:

Жақында ғана референдум өтті. Әділетті Қазақстанды құруда, әрі қарай Мемлекет басшысының реформаларын жүргізу үшін, Жаңа Қазасқтанға бет алуымыз үшін, елімізідң ертеңі үшін біз Мемлекет басшысын қолдаймыз.

Дарын Сағитов

Хабарламаларға жазылу