Кәсіподақтар конференциясы: Жұмысшы құқығын қорғаудың жаңа әдісі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіподақтар конференциясы: Жұмысшы құқығын қорғаудың жаңа әдісі керек

06.10.2022

Цифрлық технологиялар дәуірінде жұмысшылардың құқығы мен мүддесін қорғаудың жаңа әдісі енгізілуі тиіс. Бұл туралы Алматыда өткен Орталық Азия кәсіподақтарының аймақтық конференциясында айтылды. Шараға Халықаралық Еңбек ұйымының Еңбеккерлер қызметі жөніндегі бюроның директоры, Өзбекстан, Қырғызстан сынды бірқатар мемлекет өкілдері қатысты. Форумда жаһандық даму кезеңінде цифрлық платформада жұмыс істейтіндердің мәселесі сөз болды. Еңбек нарығын реттеуде кәсіподақтың рөлі де жан-жақты талқыланды. Екі күнге жалғасатын жиында Халықаралық еңбек ұйымы мен Орталық Азия кәсіподақтары арасында жұмысшылардың мүддесін қорғау жөніндегі Алматы декларациясына қол қойылады.

Сатыбалды Дәулеталин, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:

Жұмыскерлерді, олардың өкілеттігін қалай жүзеге асырамыз? Әлеуметтік диалог арқылы кәсіподақтардың мәртебесі, рөлі және жолдары қандай болады? Соны ұлттық кәсіподақтар орталықтарының өкілдерімен бірге, халықаралық ұйым өкілдерімен бірге соны ақылдасып, соны шешу жолдарын осы екі күннің ішінде ізденеміз.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу