Ақтөбе қаласының аумағынан жүзден аса заңсыз қоқыс алаңы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе қаласының аумағынан жүзден аса заңсыз қоқыс алаңы анықталды

06.10.2022

Ақтөбе қаласының аумағынан жүзден аса заңсыз қоқыс алаңы анықталды. Қазір бұл жерлерде тазалық жұмыстары жүріп жатыр.

Мамандардың айтуынша, жауапсыз тұрғындар қоқысты түн ішінде төгіп кетеді. Сондықтан оларды тауып, жауапқа тарту көбіне мүмкін емес. Қазірге дейін қала бойынша осындай 114 заңсыз қоқыс алаңы анықталған. Экологтар тексеру және тазалық жұмыстары жыл сайын жүзеге асатынын айтады. Маусым айынан бері 10-ға жуық рейдтік іс-шара жүргізілген.

Астана мен Алматы ауданы әкімдігінің мамандары қанша жерден түсіндіру жұмысы жүргенімен тұрғындардың бұл әрекеті азаймай отырғанын айтады.

Алмас Жақсылықов, Астана ауданы әкімінің орынбасары:

Белгі де, ескертулерді де қойдық. Онда барлық әкімшілік жауапкершілік, ұсталған жағдайда көрсетілген. Алайда, ол адамдарды тоқтатып отырған жоқ. Сондықтан, әрі қарай да жұмыстанып, шаралар қолданатын боламыз.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу