Президент: Жас ұрпақ аға буынның өмір жолынан тағылым ала білгені жөн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Жас ұрпақ аға буынның өмір жолынан тағылым ала білгені жөн

06.10.2022

Жас ұрпақ аға буынның өмір жолынан тағылым ала білгені жөн. Бұл туралы Президент кеше Павлодар өңірінің жұртшылығымен кездесуінде айтты. Қазір шетелдерде білім алып, сонда еңбек етіп жүрген қазақ жастары жетерлік. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, олардың кез келген сәтте елге оралуына мүмкіндік бар. Тіпті қайда жүрсе де сол жақтан ел мүддесіне қызмет жасай алады. Президент оларға мемлекетшілдік рухын сіңіріп, ел игілігіне қызмет етуге жұмылдыра білуіміз керек, деді. Өйткені бүгінгі жастар заман талабына тез бейімделе алады. Олардың өршіл идеялары мен ерік-жігері – Қазақстанды дамытатын басты күш, деді Мемлекет басшысы. Әрі масылдыққа қатысты ойын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біздің қоғам масылдық психологиядан арылуы керек. Әрине, мемлекет әлеуметтік жағынан әлсіз топтағы азаматтарға қолдау көрсете береді. Бірақ жұмыс істеуге мүмкіндігі бар әрбір адам адал еңбекпен табыс тауып, отбасын асырауға міндетті. Осының өзі елімізді дамытуға үлес қосу деген сөз.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу