Астана әкімі Жеңіс күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана әкімі Жеңіс күнімен құттықтады

09.05.2017
Астана әкімі Жеңіс күнімен құттықтады

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қала тұрғындары мен қонақтарын Жеңіс күнімен құттықтады. 

Құрметті астаналықтар және қала қонақтары, Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын!

Бұл күн бейбітшілік қалайтын адамзат баласының ортақ мерекесі. Миллиондаған жан құрбан болған Екінші дүние жүзілік соғыста ардагер аға-апаларымыз ерен ерліктің үлгісін көрсетіп, әлемге бейбітшілік дәнін септі. Отан үшін кеудесін оққа тосып, жанқиярлық танытқан аға буынның қажырлы еңбегі адамзат тарихында алтын әріптермен жазылды.

Біз тарихтан тағылым алған ұрпақпыз. Аға буыннан өнеге алатын рухы биік азаматтар көп болғай. Енді ешқашан соғыс болмасын. Аспанымыз әрдайым ашық болып, еліміз өркендей берсін.

Әрбір шаңыраққа береке, істеріңізге мол табыс тілеймін!.

 

Хабарламаларға жазылу