Сарапшылар саяси науқанды саралады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар саяси науқанды саралады

05.06.2019

Кезектен тыс президенттік сайлауда сайлаушылардың белсенділігі жоғары болады.

Себебі 19 мамырдағы билік транзиті болған сәттен бастап жастардың саяси өмірге деген қызығушылығы күрт артқан сияқты. Бұл туралы бүгін «Болашақ» қауымдастығы ұйымдастырған дөңгелек үстелде айтылды.

«Болашақ» бағдарламасымен оқып келген түрлі сала мамандары бүгін елдегі басты саяси науқан жайлы пікірталас ұйымдастырды. Саясаттанушы Талғат Қалиев соңғы сауалнама нәтижелері туралы айтып берді.

Сауалнамаға жастар мен аға буынның сайлауға қатысуға деген белсенділігі байқалады. «Дегенмен сайлаушылар кандидаттардың бағдарламаларына қарап емес, персоналдық сипатына баса мән бере бастаған. Сарапшылар сайлауға дейін кандидаттардың бағдарламаларымен танысып, таңдау жасауда бұл мәселеге де мән берген жөн», - деген ой айтты.

Олжас Сүлейменов, «Болашақ» бағдарламасының түлегі:

- «Болашақ» қауымдастығының мүшелері жиналып, осы сайлау мәселесін әр үміткердің бағдарламасын талқылау жүргізіп жатыр. Бұл дұрыс нәрсе деп ойлаймын.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу